«Астана-мерейім,мәртебем,беделім»
Әдеби шолу.4-сыныптар 30.11.12
Мақсаты: Астана қаласының тарихымен таныстыру.Астана қалысының өркендеуі және мәдени шарықтауы туралы түсініктерін кеңейте түсуге ықпал ету. Оқушылардың Отанға, елге, жерге деген адамгершілікті,ұлтжанды, қайырымды болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Астанадағы көрікті жерлердің суреті, «Астана-бас қала» атты кітап сөресі.
Барысы: Жалпы Астананың тарихы жайлы мағлұмат берілді.Астанадағы «Бәйтерек», «Хан шатыр»,Ақорда» т.б көптеген көрікті,мәдени жерлері суреттен көрсетіле отыра, әдеби шолу өткізілді. Сонымен қатар оқушылармен «Сөзжұмбақ» шешу, «Сұрақ-жауап», «Адасқан әріптер» атты тапсырмалар да өткізілді.Оқушылар белсене қатыса отырып,өз ойларын ортаға салды.
Кітапханашы: Кожахметова Алмагүл Қабайқызы