«Анам және мен» атты байқау
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған 1 «А», 1 «Б», 1 «В» сыныптар арасында «Анам және мен» атты байқау ұйымдастырылды. Байқауға 3 сыныптан анасы мен қызы қатысты. Байқауда өз өнерін көрсету, таныстыру, үй тапсырмасы және сән үлгісін көрсету болды. Осылардың арасында 1 «А» сынып оқушысы Аяжан әжесімен сиқыр өнерін көрсетсе, Арайлым тәтті қылығымен, сүйкімділігімен ән шырқады. Үй тапсырмасында біреуі бауырсақ, біреуі тәтті тоқаштарын әділ-қазыларға көрсетіп , отырған көрермендерге дәмін татқызды. Осы байқауда 1 «А» сынып оқушылары белсенді ат салысып, көрермендерді таңқалдырды. Осы байқауды ұйымдастырған мұғалімдерге алғысымыз шексіз.