«Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» атты коучинг
Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Касимова Карлыгаш Файзулловна сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы ой толғауға, болжауға шешім қабылдауға бағыттау, мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету мақсатымен әріптестеріне «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» атты коучинг ұйымдастырды. Коучингқа барлығы 10 мұғалім қатысты. Коучинг сабақ сәтті өтті деуге болады. Мұғалімдердің барлығы да топ болып бірлесе,ынтымақтаса қиыншылықтарды жеңіп, белсенділік танытты. Ой толғап, нақтылықты, анық дәлелдер келтіріп жұмыс жасады. Карлыгаш Файзуловнаның коучинг сабағының нәтижесінің дәлелдемесі ретінде сыни тұрғыдан ойлау жолдарын тиімді қолдана алғаны көрінді.