«Білім беру үрдісінде патриотизм бен кошбасшылық, қасиеттерің тәрбиелеу, оқу және тәрбие үдерістерін кіріктіру» атты облыстық семинар өткізілді.
11-10-2016 08:12
6 қазан күні Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде мектеп директорлары мен тәрбие -ісі жөніндегі орынбасарларының тәжірибе алмасу мақсатымен «Білім беру үрдісінде патриотизм бен кошбасшылық, қасиеттерің тәрбиелеу, оқу және тәрбие үдерістерін кіріктіру» атты облыстық семинар өткізілді. Семинарды мектеп директоры Мамбетова М.К. кіріспе сөзімен ашты.Семинар барысында қатысушылар білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру, заманауи әдіс-тәсілдерді тәрбие жұмысында қолдану мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бекмурзинова Гаухар Абуовна тәрбие мен білімді ұштастыру туралы баяндама оқыды. Алғашқы әскери дайыyдық пәні мұғалімі Нурмуханов Бакытбек Маукенович мектепте ұйымдастырылған "Жас бауыржаншылар" үйірмесі жұмысының тиімділігі туралы пікір алмасты. Биология пәнінің мұғалімі Жакишева Дидар Болатовна семинар қатысушыларына коучинг, тренингтер ұйымдастырды."Арай" баспасөз орталығы