Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
1 қыркүйек - Білім күні
27-08-2015 12:55

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Сіздерді 1 қыркүйек-Білім күнімен, дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймыз. Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар ілім-білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет. Биылғы жаңа оқу жылының тағы бір ерекшелігі-мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің қадамы Қазақ хандығының - 550 жылдығы, ел Конституциясының - 20 жылдығы, Ассамблеяның - 20 жылдық торқалы тойларына тұспа-тұс келіп отыр. Бұл да есте қаларлық жағдай. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің талабы-оң, қадамы құтты болсын! Ел ертеңі сендерсіңдер шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!