Құрметті ата-аналар!
1-ші сыныпқа қабылдау маусым айының 01-нен тамыз айының 30-ы аралығына дейін жүргізіледі.
Қабылдау уақыты : 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Түскі үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Сенбі күні 9.00-ден 14.00-ге дейін (үзіліссіз).
1-ші сыныпқа қабылдау құжаттары:
1. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (копия);
2. 3х4 көлеміндегі фото сурет (3 дана);
3. Денсаулығы туралы анықтама (денсаулық паспорты);
4. Баланың сәйкестендірілген тіркеу нөмірі (ИИН);
5. Ата-ананың жұмыс орнынан анықтама;
6. Ата-ананың сәйкестендірілген тіркеу нөмірі (ИИН);
7. Баланың мекен-жайы туралы анықтама (үй кітапшасы немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат (адресная справка)).
8. 1 дәптер және фаил.
(Құжаттар 1-ші қабатта қабылданады)
Ескерту: тізілген құжаттардың бәрі болуы тиіс
Мектеп әкімшілігі