"Менің Қазақстаным"
4 маусым күні Мемлекеттік рәміздер алаңында «Менің Қазақстаным» атты салтанатты іс –шара ұйымдастырылды. Облыс әкімінің орынбасары М.Бегентаев және қала әкімі Н.Ашимбетов мерекелік іс-шараға келген қауымды Мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығымен құттықтады. Сонымен қатар, 25 жасөспірімге салтанатты түрде жеке куәлік табыстады. Сол күні Төменгі жағажайында Б.Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ-ің оқушылары №39 мектеп оқушыларымен бірге мажореткалар маршын тамашалады.
"Арай" баспасөз орталығы