Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
The celebration of Nauryz
22-03-2018 15:29
The celebration of Nauryz

22 – наурыз күні Бауыржан Момышұлы атындағы № 22 жалпы орта білім беру мектебінде Ұлыстың ұлы күніне орай аула тұрғындарына арналған мерекелік іс – шара ұйымдастырылып өткізілді. Мерекелік көңілді, әсем әуен, құлаққа жағымды да сыңғырлаған әндер, ауланың ұлттық нақышта безендірілуі, тайқазандағы палаудың иісі, самаурынның түтіні, дастарханға жайылған түрлі тіл үйірер тағамдар барша халыққа мерекелік көңіл – күй сыйлады. Ұйымдастырылған іс – шараның бір ерекшелігі – мерекелік бағдарлама қазақтың ұлттық «Тоқымқағар» дәстүрін көрсету арқылы бастау алып, соңына дейін осы дәстүр шеңберінде тамаша қойылым қойылып, әндер шырқалып, қыздар мың бұрала би биледі. Бүгінгі күні, әрине Наурыз мерекесі Павлодар қаласының орталығында да ұйымдастырылып жатыр, бірақ №22 ЖОББМ-нің ауласында мерекені тамашалауға өте қолайлы ойластырылған. Мерекелік шара тұрғындардың көңілдерінен шықты. Ұсынылған ұлттық тағамдар, дәмді палау, наурыз көже, құрт, қоспалардан дәм татып, үйге көтеріңкі көңіл – күймен оралды.