Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«ШЕБЕР ЖАЗУШЫ» әдеби сағаты
16-04-2018 17:35
«ШЕБЕР ЖАЗУШЫ» әдеби сағаты

   Облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Павлодар облысының 80 – жылдығын мерекелеу шеңберінде №22 ЖОББМ 5 сынып оқушылары Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Лебяжі ауданының Құрметті азаматы, белгілі аудармашы және жазушы Серік Сатыбалдинмен кездесті.
Серік Қинаятұлы Сатыбалдин 1950 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданының Қызылқоғам ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Аудандық газеттің редакциясында аудармашы, аудандық партия комитетінде нұсқаушы, мектеп директоры болған, соңғы бірнеше жылда мемлекеттік қызметте істеген. «Әр жылдар жазбалары» атты кітабы шыққан. «Ақ заңғардағы асулар» атты жыр жинағында бірнеше өлеңі басылған. Әдеби аудармалары, өлеңдері мен мақалалары республикалық және жергілікті журналдар мен газеттерде тұрақты басылып жүр. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Серік Қинаятұлы балаларға өзінің шығармашылығы мен өзге елдердің шығармаларын қазақ тіліне аудару туралы әңгімеледі. № 22 ЖОББМ 5-сынып оқушылары және кітапхана оқырманы Али Сарсебек Серік Сатыбалдиннің өлеңдері мен аудармаларын оқыды. Кездесу автордың балаларға көбірек кітаптар мен туған өлкенің тарихын оқу туралы тілек білдіруімен аяқталды.
Бұл кездесу жалғасын табады деген сенімдеміз.

Кітапхана меңгерушісі: Асылбекова Р.С
Б.Момышұлы атындағы №22ЖОББМ