Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сарыарқа жұлдыздары - 2018
01-06-2018 15:26
Сарыарқа жұлдыздары - 2018

2018 жылғы 30 мамырда «Ақ Отау» мейрамханасында 2017 - 2018 оқу жылындағы мектеп оқушыларының республикалық және облыстық олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған «Сарыарқа жұлдыздары - 2018» салтанатты іс-шарасы өтті. Бұл салтанатты іс-шараға Бауыржан Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ оқушылары да ат салысты. Салтанатты рәсімде жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Павлодар қаласының құрама командасы 2017 жылға қарағанда 11 орынға артық 45 жүлделі орынға ие болған. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің арасында біздің мектебімізден 1-алтын, 4-қола медаль иегерлері бар. Республикалық пән олимпиадасында орыс тілі пәнінен Серикбаева Анель Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің грантына ие болды. Интеллектуалдық сайыстардағы жетістіктері үшін мектеп оқушыларына Павлодар қаласы әкімінің алғыс хаттары, «Сарыарқа жұлдызы» белгісі және бағалы сыйлық - ноутбуктар табыс етілді.