Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы білім беру мектебінде «Жол ережесін білу – қауіпсіздік негізі» атты Ұлттық бағдарламаны орындауға байланысты 9-шы сынып оқушылары және сынып жетекшілер күшімен 10-ші қыркүйек күні «Сенің қауіпсіздігің - өз қолында» атты мектеп оқушыларына іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балаларға жол қозғалысы ережелері, жолдың қандай бөліктерден тұратыны, жол белгілері мен бағдаршамдардың қажеттілігі, маршруттық автобусты қай жерде күту керегі және жолда өзін-өзі ұстану туралы айтылды. Жиын соңында оқушыларға жолдардағы қауіпсіздік туралы ақпараттық жадынамалар таратылды. Іс-шараның мақсаты балалардың жол-көлік апаттарынан жарақаттануын азайту болып табылады. Балаларға жолда жүру ережелерін кішкентайынан түсіндірудің маңызы зор.
"Арай" баспасөз орталығы