Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Сенің қауіпсіздігің - өз қолында»
10-09-2018 23:06
«Сенің  қауіпсіздігің - өз қолында»

Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы білім беру мектебінде  «Жол ережесін білу – қауіпсіздік негізі» атты Ұлттық бағдарламаны орындауға байланысты 9-шы сынып оқушылары және сынып жетекшілер күшімен 10-ші қыркүйек күні «Сенің қауіпсіздігің - өз қолында» атты мектеп оқушыларына іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балаларға жол қозғалысы ережелері, жолдың қандай бөліктерден тұратыны, жол белгілері мен бағдаршамдардың қажеттілігі, маршруттық автобусты қай жерде күту керегі және жолда өзін-өзі ұстану туралы айтылды. Жиын соңында оқушыларға жолдардағы қауіпсіздік туралы ақпараттық жадынамалар таратылды. Іс-шараның мақсаты балалардың жол-көлік апаттарынан жарақаттануын азайту болып табылады. Балаларға жолда жүру ережелерін кішкентайынан түсіндірудің маңызы зор.


"Арай" баспасөз орталығы