Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы
26-11-2018 20:29
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы

   Б. Момышұлы атындағы № 22 жалпы орта білім беру мектебінің ұстаздар қауымы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 21 қарашада ел газеті «Егемен Қазақстанда» жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. А. Сибанбаева тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған аталған мақаланың тарауларына тоқталып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын бағдарламалар жайлы айтып өтті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. А. Бекмурзинова: -Руxани жаңғырудың жалғасы болып табылатын бұл мақала Ұлы Дала өркениетінің тарихи бастауларын ғылыми тұрғыда анықтап қана қоймай, болашақты бағдарлайтын Темірқазық іспетті. Мектебіміз оқу-тәрбие жұмысында этномәдениет тақырыбында көптеген жұмыстар атқарды. Елбасының бұл мақаласынан соң, өзіміздің алған бағытымыздың дұрыстығына тағы бір мәрте көз жеткізіп отырмыз. Алдағы уақытта мектептегі мұражай жұмысы, бірлескен тарихи- өлкетану, археологиялық, экспедициялық жұмыстарға қатысу сияқты ауқымды шараларды жоспарлауға болады, -дейді.
Тарих пәнінің мұғалімі С. К. Рахимжанов мақаланың 1-тарауында айтылатын «Атқа міну мәдениеті», «Ежелгі металлургия», «Аң стилі», «Алтын адам» т.б. өзге де қырларына тоқтала келіп: «Қазақ халқы ежелгі халықтардың бірі ғана емес, бірегейі, үлкен цивилизацияның бастауында тұрғандығы- мен үшін зор мақтаныш, еліміздің көпқырлы, ауқымды тарихын танытып, түсіндіруге бағытталған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында кең форматты жұмыстар жасалатындығы көңілге қуаныш ұялатады. -деді.
Отырыс барысында бағдарламалық мақалада айтылған жеті қырға қатысты пән мұғалімдері де қызықты ақпараттармен бөлісті.
Тәжірибелі ұстаз, тіл маманы Қ. Ғ.Абылғазинова: «Мақала танымдық тұрғыда өте қызықты деп айтар едім. Айталық, «Атқа міну мәдениеті» деп аталатын қырында ұлтымыздың тарихи формацияда қандай орын алғанын білудің, білгізудің өзінде қаншама мән жатыр. Ата-бабаларымыздың жылқы түлігін қолға үйрету арқылы өз дәуірінде атқа міну мәдениетінің негізін қалауы, айбарлы көшпенділердің жаугершілік заманда әскери салада зор үстемдікке ие болуы, күнделікті өмірде киіп жүрген кейбір киімдеріміздің өзі кезінде салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісінің ретінде пайда болғаны сияқты ғылыми нақтыланған қаншама деректер бар. Өткен тарихыңды білмей, келешекке бағдар жасау мүмкін емес. Осы ретте, аталған мақала кемел елдің келешегі үшін жасалған тарихи маңызы зор құжат деп айтуға болады» деген пікірімен бөлісті.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі» деп атап көрсеткен болатын. Олай болса, өскелең ұрпаққа ұлтымыздың терең тамырлы тарихын таныту, бойларына өз халқына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, ұлттық сипатымызды сақтай отырып, әлемдік өркениет көшіне ілесе алатын елжанды азамат қылып тәрбиелеу – ұстаздар қауымына жүктелетін абыройлы міндет.


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Б. А. Сибанбаева