Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Ата –ана сөзі – тәрбиенің көзі »
23-11-2018 14:59
«Ата –ана сөзі – тәрбиенің көзі »

2018 жылдың 22 қарашасында Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінің 5 «е» сыныбында сынып жетекшісі Р.С.Куниязова «Ата –ана сөзі – тәрбиенің көзі » деген тақырыппен сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін ұлттық қасиетімізді оқушылар бойына қалыптастыру. Сынып сағаты Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала » әңгімесі туралы мультфильмнен басталды. Қаншама әдемі ойлар айтылды. Берілген суреттер мен сөздерді қатыстырып мақал құрап айтып жатты. Құрастырылған мақал- мәтелдердің аяғы өздері дайындаған нақыл сөздермен жалғасты. Сайыстардың арасында музыкалық әндер шырқалып, әсіресе, Амангелді Әсемгүлдің әжесіне деген құрметі, сағынышы, ол кісінің берген тәрбиесі, ақыл- кеңесі «Сағындым әже» деген әнінен керемет көрінді. Сонымен бірге ата-әже, әке-шешелерінің айтқан сөздерін айтып, жандарында қалай сақтап жүргендерімен бөлісті, ақын – жазушылардың өлеңдерінен үзінді келтіру арқылы дәлелдеп шықты. Сынып сағатының аяғында кітапханашылар Нұржамал Байльдина мен Райгүл Асылбекова оқушыларды кітапханаға әдеби кітаптарды оқуға шақырды. Білім мен тәрбие –егіз екенін ескере отыра, ата-ананың, ата-бабамыздың берген ақыл кеңестері тәрбиенің көзі екеніне көздері жетті.
           Кітапхана меңгерушісі: Р.Асылбекова