Конкурс эссе "Еліміздің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік"
Қазақстан Республикасының Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер -Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең- кезеңмен көшіру" жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Павлодар қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік " атты эссе конкурсы өткізілді. Бауыржан Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ бойынша 5-11 сынып оқушыларынан жалпы 578 бала қатысты. Эссені оқушылар "Тәуелсіздік -халықтың бақ жұлдызы" тақырыптарына өз йоларын қағаз бетіне латын ғарпімен жазды. Балалар бұл сайыста қызығушылық, жауапкершілік таныта білді.