Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Облыстық шағын футбол спартакиадасының жеңімпаздарымен кездесуі өтті
24-01-2019 23:32
Облыстық шағын футбол спартакиадасының жеңімпаздарымен кездесуі өтті

2019 жылдың 24 қаңтар күні Павлодар облысында Бауыржан Момышүлы атындағы № 22 жалпы орта білім беру мектебінде футбол Федерациясының Президенті Жазылбек Ұлан Еркінұлы, білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы облыс мектептерінің оқушылары мен мұғалімдерімен, мектептерде «әр үшінші сағатында «Футбол сабағын» сынақтан өткізу» республикалық жобасының қатысушыларымен, облыстық шағын футбол спартакиадасының жеңімпаздарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Ұлан Еркінұлы жоба қатысушыларына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Футбол федерациясы бірлесіп шығарған арнайы әдістемелік нұсқаулық табыс етіліп, 3-4 сынып оқушылары футбол сабағының элементтерін көрсетті. 2018 жылы Ұлттық мектеп лигасы аясында ұйымдастырылған «Былғары доп» республикалық турнирінде Павлодар облысының оқушылары 1- орын иеленген.
Жобаға облыстың 66 мектебі қатысты. Жалпы 300 дене тәрбиесінің мұғалімі 1057 сыныпта футбол сабағын өткізіп, онда 1-11 сыныптарының 20,6 мыңнан аса оқушысы қамтылған.
Жоба оқушылар арасында футболды танымал етуге, футбол орталықтары мен спорттық мектептерге сапалы кадрлар құрамын дайындауға бағытталған.