Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Өзін-өзі тану пәні бойынша онкүндік декадасы
15-02-2019 23:29
Өзін-өзі тану пәні бойынша онкүндік декадасы

Бауыржан Момышұлы атындағы № 22 жалпы орта білім беру мектебінде 1-12 ақпанның аралығында өзін-өзі тану пәніне байланысты онкүндік декадасы өтті. Декада линейкадан басталды. Сыныптарда «Балаға жүрек жылуы» деген атпен сынып сағаттары өтті.Сынып сағаты рухани адамгершілік білім беру жобасының авторы, «Бөбек» қорының президенті С.А.Назарбаеваға арналды.«Сүйіспеншілікпен өмір сүрейік» деп атаған жобалар презентациясын 9 -11 сынып оқушылары қорғап, ішінен бәріне ұнаған Рахмаш Ибрахим жоғарыдан көрінді. 2-6 сыныптар арасында аталған тақырыппен суреттер мен қолөнерден конкурс өтіп , 3а,3б,5ж,5б,5а сынып оқушылары алға шықты. Әсіресе, қызықты шаралардың арасында «Ең  әдемі бантиктер мен галстуктер» күні керемет өтті. Бұл күні бүкіл мектеп оқушылары галстукте келіпті. 5 «д» оқушылары ең әдемі сынып аталса, 9 а сынып оқушысы Қуанышбай Аружана «Ең керемет байланған бантик» номинациясын алды.«Ән көңілдің ажары» конкурсында 3 сынып оқушысы Әбілжан Аружан күй өнерінен І орынды алды. «Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу сайысында  5 «в» сынып оқушысы Сабыр Алтынгүл І орын иегері атанды.«Жүректен- жүрекке» деген атпен аталған күні ата-аналар жүрек ағашын орнатып, оқушылармен  бірге жүрекке жылы лебіздерін жазып ,іліп жатты.Онкүндік аптада көптеген шаралардың бәрі мектебіміздегі әр оқушының жүрегінде мейірімділік сезімін, бір-біріне деген сүйіспеншілікті, достықты  одан әрі берік ұстауға көмектесті деп ойлаймын.

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі : Р.С.Куниязова