Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жыр жауһары-жастар» атты жас ақындар мүшәйрасы
11-12-2019 19:10
«Жыр жауһары-жастар» атты   жас ақындар мүшәйрасы

Бүгін , 11- желтоқсан күні,  Бауыржан  Момышұлы атындағы ЖОББМ-де   ҚР Тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай қалалық  білім бөлімінің ұйымдастыруымен  «Жыр жауһары-жастар» атты   ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Аталған шараға қаламыздағы жалпы орта білім беру мектептерінен   17 оқушы қатысты.

         Мүшәйраға ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының бас редакторы- Әбішев Асыл Әлімжанұлы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының жауапты хатшысы- Оралхан Айбек Тілеубекұлы және Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының  бас редакторы Мұқаева Сәуле Әбдіханқызы қазылық етті.                                              

     Жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгерту,  поэзияны дәріптеу, дарынды жастарды анықтау, олардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткен шарада жас ақындар ел тәуелсіздігіне жырдан шашу шашып, жүрекжарды тілектерін білдірді.

Өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы бойынша,  «Азат елім -асқағым» өлеңімен №35 ЖОМ 9- сынып оқушысы Илимхан Динасыл I жүлделі орынды қанжығасына байлады.(жетекшісі Кайдарова С.Е.); II жүлделі орынға  №7 ЖОМ 7- сынып оқушысы  Ошал Мадина  «Тәуелсіздігім -тұғырым» өлеңімен иеленсе, (жетекшісі Төңкерхан Баршагүл); II орынды №24 ЖОМ 11- сынып  Көлтай Мақсат  «Азаттық  пырағы» өлеңімен  жеңіп алды (жетекшісі Касымканова Р.К.).  III орындарды №33 ЖОМ  9- сынып оқушысы  Жолдаспаева Сабина «Тәуелсіз елім» (жетекшісі  Альжанова А.Г.), және  №19 ЖОМ 7- сынып оқушысы  Уақпаева Феруза «Әлем таныған ел» өлеңімен өзара бөліске салды  (жетекшісі  Алькеева Г.С.).

Жас ақындар мүшәйрасында  «Балаң жырдың бастауы»  аталымына байқаудың ең жас қатысушысы Қ.Бекхожин атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5- сынып  оқушысы  Сүлейменова Қарлығаш ие болды.  «Көркем сөзге құштарлық»  аталымы  №2 мектептің 11- сынып оқушысы  Абдрахманова Аминаның қанжығасына байланды.  «Салмақты ойдың сәулесі» аталымымен  №32 мектептің 6- сынып оқушысы Бекежан Рамазан марапатталды.

     Байқаудың қорытындысында  әділқазылар алқасының төрағасы  Әбішев Асыл Әлімжанұлы  жас ақындардың талабы мен шығармашылық шабыттарының асқақатай беруіне тілек  білдіре  келіп, ақындық шығармашылыққа,  мәнерлеп оқуға қатысты ұсыныстары мен сын -ескертпелерін айтты.  Тәуелсіздік күніне арналған ақындар мүшайрасы жоғары деңгейде өтті.