Мектепішілік шығармашылық топ жұмысы өтті
2019 жылдың 21- желтоқсан күні мектепішілік шығармашылық топ жұмысы өтті. 10 шығармашылық топ жұмыс жасады. Оларға жетекшілік еткен тренерлік біліктілік арттыру курсынан өткен 9 мұғалімдер: К.К.Сыздыкпаева, А.Ш.Жамалиденова, А.З.Ныгманова, З.К.Абдурасилова, К.Абылгазинова, Ж.К.Турсынкулова, Ж.Ж.Мынгышева, С.Б.Амирова, Ж.К.Шарапиденова. Отырыста әр топ түрлі тақырыпта практикалық жұмыстар жасады: оқытудың белсенді әдіс- тәсілдері, Lessen Studi- сабақты зерттеу әдісі, ТЖБ мен БЖБ- дың жиынтығын құрастыру, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс, мұғалімдердің өзгеріс енгізу барысында оқыту мен оқуды бағалау мәселелері.