Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Бауыржан оқулары» байқауы өткізілді.
24-12-2019 19:11
«Бауыржан оқулары» байқауы өткізілді.

    Бүгін, 24 желтоқсан- қазақтың даңқты батыры,  Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туған күні. Осы орайда батыр есімін иеленіп отырған Б. Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде жас ұрпақтың туған  тілге, көркем әдебиетке деген құштарлығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, жазушы мұраларын кең көлемде  насихаттау мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                  Б. А. Сибанбаеваның ұйымдастрыуымен  екінші мектепішілік «Бауыржан оқулары» байқауы өткізілді. Оқушылар  проза, поэзия, афоризмдер, батыр жайындағы танымал тұлғалардың естеліктерін оқу бойынша сайысқа түсті. Байқауда облыстық ақсақалдар кеңесі жанындағы «Ақсақалдар тағылымы» ҚБ  төрағасының орынбасары,  Білім беру ісінің үздігі, зейнеткер –ұстаз Жұмашев Ермек Сағынбайұлы, Баянауыл ауданының құрметті азаматы,  қоғам қайраткері «Батаменен ел көгерер» республикалық сайысының жеңімпазы, күйші  Сыздықов Балтабай Сәкенұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Бекмурзинова Гауһар Абуовна қазылық етті. Байқаудың қорытындысы бойынша,  сайысқа қатысуға тілек білдірген 34 оқушының ішінен жаттау мәнері, сахна мәдениеті талаптарын сақтау бойынша озық шыққан   9-«а» сынып оқушысы Бекет Ерсайын 1-орынға, 8-«б» сынып оқушысы Ахметова Ельнура – 2-орынға, 6-«д» сынып оқушысы Мұратов Ахмет пен  5-«е» сынып оқушысы Нұрланова Диляра 3-орынға ие болды. Орын алған оқушылар кітаптар мен диплом, алғыс хаттармен марапатталды.