Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Әжелер өнегесі» атты тәрбие сағаты өтті
12-02-2020 19:26
 «Әжелер өнегесі» атты тәрбие сағаты өтті

      «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОББМ»    Облыстық Ақсақалдар Кеңесі жанындағы  «Ақсақалдар тағылымы»  Қоғамдық Бірлестігімен ынтымақтастық орнатып, оқушыларға рухани-танымдық, ұлттық тәрбие беруге бағытталған бірқатар іс-шараларды атқаруда. Сондай тағылымды шараның бірі -  «Әжелер өнегесі» атты тәрбие сағаты. Аталған шараға   –Қуат Әбусейітов атындағы  мәдени-сауық  орталығына қарасты «Сағым жылдар» әжелер ансамблінің төрайымы Елеукенова Бақытжамал Тұманқызы,  ансамбльдің көркемдік жетекшісі Батырханова Қазигүл Батырханқызы және  Жолдасова Айман Орынтайқызы 6-сынып  қыздарына  шаш өсіру тәрбиесіне қатысты ырымдар мен тыйымдар, шаш әшекейлерінің түрлері , ұлттық қолөнер жайында әңгімелеп берді.  Ұрпақтар сабақтастығына құрылған өнеге сағатының  бүгінгі таңдағы қазақ қызының тәрбиесінде алатын орны ерекше.