«Арнайы тәуекел тобының ардагерлері мен мүгедектері»
![«Арнайы тәуекел тобының ардагерлері мен мүгедектері»](/media/img/blogs/63ea1eaf31206.jpg)
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер апталығы аясында 2023 жылдың 10 ақпанында мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай интернационалист-жауынгермен оқушылардың кездесуі өтті. Жиынға «Арнайы тәуекел тобының ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәдуақасов Қаратай Аманжолұлы қатысты. Ардагер басынан өткерген сынақтар туралы, жігіттеріміздің қайсарлығы мен батылдығы туралы; бүгінгі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді күшейту қажеттілігі туралы айтты, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.