10 қыркүйеккүні біздің мектепте «Денсаулық фестивалі» сапқа тұру мен рапорт тапсырудан басталды. Жауған жауын балалардың спорттық көңіл - күйлеріне бөгет болмады. Бұл күн ойындарға толы болды. Жоғарғы буын оқышылары футбол, турникте тартылу, арқан тарту ойнады, ал қыздар жүгіру мен скакалкада секіруден жоғары нәтиже көрсетуге тырысты. Бастауыш сынып пен орта буын оқушылары «Веселый старт» және асфальтқа сурет салып белсенділік көрсетті. Салауатты өмір салты туралы әр оқушы өз түсінігін асфальт бетіне жеміс - жидек, спорттық жаттығу, күн, су түрінде бейнеледі. 8 «А» сынып оқушысы Кужиртаев Аділет арқан тарту сайысында 8 қызды жеңіп, достарына өзінің жігерлігін дәлелдеді.
Денсаулық мерекесі мазмұнды да көңілді өтті. Балалардың ынтымағы жарасып, денсаулықтарын шымырлата түсті.