ЖҚТБ дертін алдын алу туралы тәрбие сағаты
2012 жылдың 4 желтоқсанында біздің мектептің барлық сыныптарында ЖҚТБ баяу инфекциясын алдын алу туралы тәрбие сағаты өтті. Оқушылар дерттің жалпы қауіпі туралы теориялық білімдерін толықтырды. Сынып жетекшілері жоғары қауіптегі топтар туралы айтты. Сонымен қатар дерттің “грипп” вирусымен салыстырғанда қауіпті екені, өзгеру деңгейі жоғары екендігі және оның жалпы сипаттамасы туралы айтылып өтті. Олар бұл қауіпті дерттен сақтану жолдарымен танысты. Оқушыларда көптеген сұрақтар туындап, оларға диспут түрінде кезекпен жауап берді. Тәрбие сағаты өте қызықты өтті.