Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қабдыкәрім Ыдырысовтың 95 жылдығына арналған "Әрқашан күн сөнбесін" атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясы
21-04-2023 14:41
Қабдыкәрім Ыдырысовтың 95 жылдығына арналған

Павлодар қаласының №26 ЖОББМ “Оқуға құштар – мектеп, Оқуға құштар – ел” жобасын іске асыру мақсатында Қабдыкәрім Ыдырысовтың 95 жылдығына арналған "Әрқашан күн сөнбесін" атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Бұл конференцияға шақырылған арнайы қонақтар: Қ.Ыдырысовтың немересі дирижер, республикалық конкурстардың лауреаты, Астана қаласынан Әлихан Ыдырысов, «Saryarqa samaly» газетінің редакторы, қабдыкәрімтанушы – Нұрбол Қанатбекұлы Жайықбаев, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Филология ғылымының докторы, профессор С.Н.Сейфитден, Филология ғылымдарының кандидаты профессор Торайғыров университеті КеАҚ Үштұғырлы тіл кафедрасының меңгерушісі, « ҚҰРМЕТ» орденінің иегері Айман Файзуллаевна Зейнуллина, "Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі" қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы, педагогикалық ғылымдардың магистрі З.Е.Қуандық, аудан, қала, облыс мектеп басшыларының орынбасарларымен мұғалімдері қатысты. Ерке Ертістің Павлодар өңірінен шыққан бір туар ақыны Қабдыкәрім Ыдырысовтың өмірімен шығармашылығына арналған облыстық ғылыми-практикалық конференциясында ақын шығармашылығы жайында баяндамалар оқылды, мектеп оқушылары өлеңдерін жатқа айтты. Әндері орындалды. Соңында, немересі Әлихан Ыдырысовтың музыкалық сүйемелдеуімен «Қайдасыңдар, достарым!» әнін концеренцияға қатысушылар тамылжыта орындады.