Он-лайн режимдегі ҰБТ
ҰБТ-ға (Ұлттық Бірыңғай Тестілеу) дайындық – әркім өз бетінше өткізетін күрделі процесс. Кейбіреулері репетитор жалдап, курстарға барса, ал кейбіреулер кітаптарынан көз алмайды. Осы айтылғандардың бәрін қоса атқаратын адамдар да бар. Әрбір қолданған тәсіл соңында нәтиже әкеледі. Егер уақыт үнемдеп, тестілеуге дайын болып және тапсырмалардың қандай кездесетіндігін білгің келсе, төменде келтірілген сайттар көмегімен онлайндегі ҰБТ тестілеуінен өтуге болады. Онлайндегі ҰБТ тестілеуінің артықшылығы нақты Ұлттық Бірыңғай Тестілеуде кездесетін тапсырмаларына жуық келуі. Онлайндегі тестілеуден он екі пән бойынша (қазақ және орыс тілдерінде) өтуге болады. Жүйенің әр уақытта сұрақтарын және тапсырмаларын түрлі етіп ұсынғандықтан, онлайндегі тестілеуден бірнеше рет өтуге болады. Сондықтан сәттілік тілейміз!