Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Эх, сен, шляпа!
15-06-2011 07:21
Эх, сен, шляпа!

13 маусым күні  біздің лагерьде ерекше күн өтті – Шляпалар күні. Шляпалардың түр-түрлісі болды! Бас-киімнің қандай түрлері болмады десең: түрлі шляпалар да, гүлдермен және жапырақтармен әшекейленген, тақиялар да, кепкалар, газетадан жасалған үшбұрышты бас-киімдер, чепчиктер, орамалдар,  береткалар,  бұтақтардан жасалған  шляпалар. Әр қатысушы өзінің бас-киімі туралы айытты: оның мақсаты және артықшылықтары туралы. Мереке керемет болды:  барлығының көңілдері көтеріліп, көп әсер алды.

    

Ал енді біраз бас-киімдер тарихынан ...

Шляпа ең сиқырлы әшекей деп саналған, барлық замандарда онымен түрлі аңыздар байланысты болды. Алдымен оны өз істеріне сиқыршылар қолданды. Сосын сүйір күмбезді жалпақ жиекті шляпалар мыстандардың белгісі болды. Осындай конус тәрізді шляпаларды жұлдыз санаушылар да киген: шляпа «ғарышпен байланысуға» арналған құрал деп есептелінген.

Көне гректер үнемі бастары ашық болып бейнеленеді. Бұл тек жұмсақ климатпен ғана емес, дәуірдің эстетикалық ерекшеліктерімен де түсіндіріледі. Антика мәдениеті ашық болуға тырысты, соның ішінде киімде де. Бас-киім тек қажеттілік бойынша қолданылды. Далада жұмыс істеу және жолға шығу кезінде гректер жиекті шляпаны – петатосты киген. Жиегі жоқ киізден жасалған қалпақтар - пилостар – қолөнершілер және теңізшілер киген. Ауқатты адамдар маңдайға байлауыш және венок киген. Веноктағы белгілі өсімдіктер адам немен айналысатынын, қоғамдағы орнын көрсеткен. Архонт (Афинадағы ең жоғары сайланатын лауазым) миртадан жасалған венок таққан. Ерекше батылдық көрсеткен жауынгерге зәйтүннен немесе еменнен жасалған венок ұсынылатын. Гректерде абыройсыздықты белгілейтін венок та болды: шағымшыларға және өтірікшілерге венокты аканттан жасаған. Әйгілі ақын лаврдан жасалған венок таққан. Кейін, Рим империясының заманында, осындай қалпақтар тек қолөнершілер және шаруалар киген, бірақ құлдар емес. Құлды босатқанда оған пилос сыйлаған. Адаммен сәлемдесу кезінде шляпаны бастан алу дәстүрі пайда болуының бір болжамы антика заманына жатады.

Орта ғасырлар кезеңі бас-киімнің сан алуан түрін көрсетеді. Әмбебап бас-киім деп шаперон – ұзын ұшты шешілетін капюшонды айтуға болады. Оны Меровингтер кезеңінен (V ғ.) бастап XVI ғ. дейін барлық сословиелер киген.

Әйелдер шаштарын жабынды астына тығатын немесе басқа байлауыш тағатын, олар басын және иекті жабатын. Үйленбеген қыздар шаштарын босатып жүретін, оларды гүлдермен және баулармен әшекейлейтін. Осыған ұқсас дәстүр көне Русьте де болды, үйленген әйелдер шаштарын бас-киіммен немесе орамалмен жабатын.

Уақыт өте ерлер әйелдерден шляпаны киюге заңды құқықтарын тартып алуға тырысқан. Наполеон треуголкаларды модаға кіргізді және әскери киімнің элементі ғылып жасады, ал Павел І тұтқынға алумен қорқытып әйелдерге дөңгелек жиекті шляпаларды киюге тыйым салды – тек қана орамалдар және қалыпты бас-киімдер. Бұдан анағұрлым кейін ковбойлар шляпаларды киіп, жиекті қайырды, осымен оны әйелдер бас-киімінің романтикасынан айырды...

Орта ғасырлар кезінде шляпалар бәсекелестіктің себебі болды - әйелдер өз бас-киімдерін асыл тастармен, түйеқұс қауырсынымен әшекейлеген, алтын жіптермен тіккен, және шляпада қаншалықты көп әшекейлер болса – соншалықты артық деп саналған, өйткені иесінің ауқаттылығын және атақтылығын көрсеткен. Онымен мақтанатын және таңырқанатын, ал шляпа жасайтын шеберлер тапсырыстарды орындауға үлгірмейтін, өйткені ол кезде барлығы тек қолмен жасалатын...

Қашан және кім бас-киімді бірінші кигенін тек шамамен анықтауға болады, сондықтан ең көне шляпаның іздері жоғалады...