Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Халықаралық бейбітшілік күні
23-09-2011 10:54
Халықаралық бейбітшілік күні

Жер планетасы адамдарының көбіне бейбітшілік – бұл күн сайынғы ақиқаттық.   Біздің көшелерімізде тыныштық, біздің балаларымыз мектепке барады. Қоғам қағидалары берік жерде бағасыз сый бейбітшілік ешкімге ерекше көрінбейді.

Бірақ қазіргі кезгі әлемде адамдардың көбіне осы сый  аңыздық арман болып табылады. Олар бостандығынан айырылып, тұрақсыздық, қорқыныш сезімімен өмір сүреді.  Негізінен осы күн осы адамдарға арналған.

1982 жылы БҰҰ бас ассамблеясының шешімімен Халықаралық бейбітшілік күні  оқ атуды тоқтату және күш көрсетуден бас тарту күні деп жарияланды. Сол кезден бастап мереке жыл сайын 21 қыркүйек күні тойланады, миллиондаған адамдарды қатыстырып, көптеген  елдерді қамтыды.  Адамдарды бейбітшілік туралы  ойлауға, сонымен бірге  ол үшін бірдеңені жасауға шақырады.

Сондықтан 21 қыркүйек күні Павлодарда осы күні  тойланатын Халықаралық бейбітшілік күніне арналған  жаппай іс-шаралар өтті.

Облыстың барлық 250 мектебінде  таңертеңнен бейбітшілік, достық және келісушілік сабақтары өтті. Оқушылар алдында қоғамдық  бірлестіктердің  көсбасшылары, діни өкілдері, фашистік лагерьлердің бұрынғы тұтқындары, Ұлы Отан соғысының  ардагерлері және мүгедектері, интернационалист-жауынгерлер сөз сөйледі.

Ал біздің мектепте  қайырымдылық жәрмеңкесі өтті, ол да  Халықаралық бейбітшілік күніне арналған.

Әдеттегідей  бастауыш сыныптар оқушылары белсенді қатысушылар болды. . Жоғары мектептен 6Б, 6В, 7А сыныптар қатысты. Жәрмеңкеде жиналған қаражат  Қарт адамдар күніне аталар мен әжелерге  сыйлықтар алуға және құттықтауларға жұмсалады.