Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Халықаралық қарт адамдар күнімен
01-10-2011 06:23
Халықаралық қарт адамдар күнімен

1 қазан күні халықаралық қауымдастық Қарт адамдар күнін тойлайды.

Бұл күні – қоғамға қызмет көрсетуге  өмірінің басым бөлігін берген, біздің Отанымыздың игілігі үшін еңбек еткен  адамдарға құрмет көрсету болып табылады. 

Халықаралық қарт адамдар күні – жаңа мерекелердің бірі. Ол ХХ ғасырдың соңында пайда болды. Алдымен Қарт адамдар күні Еуропаның Скандинавиялық елдерінде, сосын Америкада, ал 80-ші жылдардың соңынан  - бүкіл әлемде тойланады.

Уақыт бір жерде тұрмайды.Өмір ырғағы артып, жыл сайын уайымдар, шұғыл істер  көбейіп бара жатыр...

Қарт адамдар күні  шегінде  біздің № 26 мектепте «Кәрілік мені үйде күтіп ала алмайды» концерттік  бағдарлама өтті. Оқушылармен шақырылған қонақтар, бұл қарт адамдар, бүкіл шағын ауданнан келді.  Концерттік бағдарламаға  бастауыш мектеп оқушылары да, жоғары сыныптар оқушылары да қатысты.  Біздің аталарымыз және әжелеріміз жақсы білетін және сүйікті әндер орындалды. 3 в сынып оқушылары түрлі-түсті костюмдер киіп, «Курочка Ряба» ертегісін қойды,  осымен біздің көрермендерімізді қуантты.

Жыл сайын біздің мектебіміздің құттықтауларын тағы да бір рет тыңдау үшін келетін риза болған  көрермендердің қол шапалақтары ұзаққа жалғасты.

  

Қарттарға көмек көрсетіп, мейіріммен қарауды ұмытпауымыз керек.  Оларға қолдау көрсету,  тұрмысын ұйымдастыру, нақты көмек көрсету -  қазіргі күннің  ең  маңызды міндеттердің бірі.