Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жаңа жылдағы ғажайыптар
13-01-2012 09:18
Жаңа жылдағы ғажайыптар

 

            Балалық шақта Жаңа жылда ғажайыптар болып тұратынына сенгенбіз.Олар біздің № 26 мектепе «Аня мен Ваняның қысқы оқиғалары» жаңа жылдық спектакльде өтті.

            Көрсетілімнің басты кейіпкерлері Аня (Зинченко Настя) және Ваня (Питюков Кирилл) Аяз атаның сиқырлы күшіне сеніп, Үш Күннің планетасына түсті, осы жерде оларды келімсектер кездестірді (Егорова Наташа, Васильев Данил).Көрермендер шығыс сұлуы (Беспалова Лида) орындаған биінен және сұлтанның (Нурлыбеков Мадияр) әзіл-ысқағынан мәз болды. Қызықты жаңа жылдық частушкалармен және билермен бабка-ежкалар барлығының жүрегін жаулап алды (Педченко Полина, Жукова Маша, Казанцева Яна, Султанова Айнура).Кенет атаман (Москалец Андрей) басшылығында қарақшылар (Лысков Саша, Подобный Роман, Хаймулдин Максат, Сивченко Максим) залды жаулап алды. Қатаң Қарлы патшайымның (Иванова Алина) және оның жауыз көмекшілерінің (Суслова Катя, Дерюгина Таня) тұтқындарын босатуға керек  болды.Бірақ Аяз атаның (Малютин Вова) және Ақшақардың (Кузьминых Вероника) сиқырлы күші барлығын өз орнына қайтарды және басты кейіпкерлер  туған мектебіне Жаңа жылдық  мерекеге қайтарылды.

            5-7 сыныптар балаларына  осы ертегіні сценарий авторы және қойылым режиссері 5Б сыныптың сынып жетекшісі  Марина Валерьевна Матвеева  сыйлады.Спектакльге 28 жас әртіс және, әрине, 5Б сынып толық құрамымен қатысты. Аплодисменттер шуы, көрермендер күлкілері  сахна кейіпкерлеріне  ең  үлкен сый болды.

            Ғажайыптарға сеніңдер, балалар, Жаңа жыл қарсаңында ең сырлы тілектер  тілеңдер, олар міндетті түрде орындалады!