ҚР 2050 даму бағдарламасымен таныс боламыз
4 қыркүйек күні 8 «Б» сыныбында «Тарихи», «Экономикалық», «Білім беру», «ҚР президенті", "Географиялық", "Әдеби" станциялары бойынша форум түрінде «Қазақстан Конституциясы – тұрақтылықтың кепілдігі. Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты сынып сағаты өтті. «Экономикасы дамыған елдердің арасында Қазақстан нешінші орын алып жатыр?», «Білім беру саласының болашағы» – аталған мәселелер оқушылар арасында талқыланды. ҚР 2050 даму бағдарламасының сұрақтарына жауап таба білген Дмитрий Козорез жеңімпаз болып атанды.