Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Іске уақыт – ал әзілге сағат!
20-01-2013 17:10
Іске уақыт – ал әзілге сағат!

 

Кысқы каникулда 2013 жылғы 8 қаңтар күні  аға вожатый З.Н. Смайлова 3 «Г» сынып оқушыларымен зияткерлік сұрақ-жауап сайыс-ойынын өткізді. Ойын үш турдан тұрды:

Бірінші турда балаларға білімнің түрлі салаларынан сұрақтар қойылды. Әр сұраққа жауаптың төрт нұсқасы берілді, олардың ішінен дұрысын таңдау керек еді. Барлығы 12 сұрақ қойылды, осының соңында үш жартылай финалға өткендер анықталды.

Екінші турда «Шифрді шығарушы» конкурсы болды. Берілген сөз жеке әріптердің комбинациясы болды (телефон аппаратындағыдай). Осы сайыс сұрақтарын  балалар оңай шешті.

Келесі тапсырмада әр қытысушы өзіне категорияны таңдады, 1 минут ішінде мүмкіндігінше көп жауап беру керек еді. Тапсырма кішкене қиындау болды, өйткені ойлауға аз уақыт берілді. Сондықтан вожатый екінші тур бойынша  «Жұптарды құрыңдар» қосымша тапсырмасын берді, осында қарама-қарсы екі қатарда спорт түрлерінің атаулары және құрал-жабдықтар  көрсетілді. Барлығы шашылған түрде жатты және балалар қайсысы қайсыған жататынын табу керек еді. Балалар осы тапсырманы оңай орындап шықты.

Үшінші турдың соңғы сайысы «Редактор» деп аталды. Оқушыларға қате терілген мәтіндер берілді және  5 минут ішінде осы қателерді тауып, түзету талап етілді.

Сайыстың жеңімпазы анықталды, ол Игорь Санжиев болды. Барлық балаларға жүлделер  берілді, ал жеңімпаз грамотамен және сыйлықпен  марапатталды.