Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қазақстан – жетістіктер елі...
18-02-2013 17:01
Қазақстан – жетістіктер елі...

 

Біздің мектепте жоғары сыныптағы балалар ұйымы Жас Ұландарға «Қазақстан – жетістіктер елі»атты ашық сабағын ұйымдастырды.

Сабақтың мақсаты балаларда еліне деген сүйіспеншілікті, ұлттық бірлікті, бейбітшілікті қалыптастыру; Оқушылардың өнерлік қабілетін дамыту; ҚР Президентінің Жолдауымен таныстыру; Отанға және өз халқына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Сабақ жеті бөлімнен тұрды.

Интерактивтік тақтада Қазақстан, Астана және еліміздің қалалары жайлы презентациялар көрсетілді. Сонымен қатар оқушылар кроссвордты шешіп, екі бөлікке бөлінген мақал –мәтелді жинап, содан соң оқып берді. Мемлекеттік тілде 7 А сынып оқушылары тақпақ айтып, соңында біздің кең байтақ еліміз жайлы бейнеролик көрсетілді.