Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мир лексики
25-02-2013 19:15
Мир лексики

 

21 ақпан күні мектепте орыс тілі  күні  деп жарияланды.6-шы сыныптар оқушылары арасында «Мир лексики» зияткерлік ойыны қызықты өтті. Біздің ойынымыздың мақсаты – орыс тілі саласында  оқушылардың  зияткерлік және шығармашылық қабілеттіктерін дамыту үшін  жағдайлар жасау.

Біздің іс-шарамызға  эпиграф ретінде  И.С. Тургеневтің  орыс тілі туралы  сөздері алынды: «Біздің тілімізді сақтаңдар – бұл қазына, алдыңғы ұрпақтар қалдырған мұра! Осы құралды қастерлеп қолданыңдар: шебер адам қолында ғажайыптар жасауға мүмкін.» Ойын келесі  конкурстардан тұрды: «Игры с пословицами», «Устами младенца», «С русского на русский», «Юные художники», «Фразеология», «Язык жестов».

6-шы сыныптар оқушылары барлық конкурстарға белсене қатысты, логикалық ойлауды  талап ететін  есептерді шығаруда тапқырлықты, шеберлігін және сурет салу ептілігін көрсетті.

6Б сынып оқушысы П. Педченко және 6В сынып оқушысы А. Дементьева ең көп балл жинады.

Дөрекі сөздерге тыйым салатын  белгілер бар  суреттерді Игорь Беккер және Данил Васильев өте қызық салды.

Ю. Бураменская, Д. Федорова, Р. Подобный, Д. Нұрлыбеков  мақал-мәтелдерді дене қимылдары және мимика арқылы өте күлкілі көрсетті.

Ойын өте қызықты және танымды болды. орыс тілін оқу  - еліктіретін іс екеніне балалардың көзі жетті.