Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мерейтойымен, құрметті ардагер!
05-03-2013 16:48
Мерейтойымен, құрметті ардагер!

 

2013 жылдың 3 наурыз көктемгі жексенбі күні жоғары сыныптар оқушыларының кеңесі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жастар ұйымының  көшбасшыларымен және аға вожатый З.Н. Смаиловамен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері Ғабдолла Бейсембаевті мерейтойымен құттықтады, ол 95 жасқа толды.

Біздің келгенімізге ардагер өте қуанды.Үлкен дастархан алдында соғыс жылдарын, соғыстан кейінгі қызметін еске түсірді. Ғабдолла атаның биографиясы бай болып шықты.Ол 1935-1938 жылдары Мәскеу қаласындағы  ауылшаруашылық академиясында оқыды.  Ардагердің сіңірген еңбегі Қазақстан үкіметімен де, Ресей Федерациясының үкіметімен де  жоғары бағаланды.

 Мәскеу маңында 70-жылдық мерекеге байланысты 2011 жылы ардагер Мәскеу қаласының мэры С.С. Собяниннің алғыс хатымен марапатталған.  

 

 Кездесуді есте ұзақ сақтау үшін соңында жылпы фотосуретке түстік.