Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Балаңыз оқушы атанды
19-09-2014 09:19
Балаңыз оқушы атанды

2014 жылғы 18 қыркүйек күні 1 «Д» сыныбында «Балаңыз оқушы атанды» тақырыбына алғашқы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты – ата-аналарды баланың мектепке бейімделу мәселелерімен және оларды шешу жолдарымен таныстыру.Бірінші сынып оқушыларының бейімделуі бойынша тәжірибелік кеңестер ұсынылды.

«Сиқырлы шумақ жіп» ойын түрінде ата-аналар практикумы өткізілді. Мұғалім қолындағы шумақ жібін тарқатып, өзі жайлы сөз етіп, жанында тұрған ата-анаға береді. Шумақ жібін алған келесі ата-ана өзі туралы айтып, келесі ата-анаға береді. Осылайша мұғалімнің қолына қайта оралғанша әрқайсысы шумақ жібін тарқатады. Яғни мақсатымыз және міндетіміз бір, ал оларды іске асыру үшін мұғалім бар күшін салады дегенді білдіреді. Ал сіз ше? (ата-аналар шумақ жіптерін қайта алып, баласына, мектепке және мұғалімге қандай көмек көрсете алатыны туралы айтады).