Шығармашылық топтың мәжілісі
![Шығармашылық топтың мәжілісі](/media/img/blogs/5153fdb754315.jpg)
28 наурыз күні жеке тұлғаға бағдарлы оқыту технологиясы бойынша жұмыс істейтін бастауыш сыныптар мұғалімдерінің шығармашылық тобының мәжілісі өтті.
«Қазіргі кезгі жеке тұлғаға бағдарлы технологиялардың ерекшеліктерін айқындау» тақырыбы бойынша өз баяндамасын 1 санатты мұғалім Б.О. Нұрғалиева ұсынды.Ол оқу-тәрбиелік үрдісте ЖБО қолданудың теориялық негіздерін және технологиясын ашты.Осы мәжіліске қатысқан жас мамандар А.А. Федорова және З.С. Касымова баяндаманы қызығушылықпен тыңдап, бастауыш мектепте ЖБО енгізу бойынша сұрақтар қойды.