Бес минут – ұшу қалыпты өтіп жатыр
1961 жылы 12 сәуір күні совет ғарышкері Ю.А. Гагарин «Восток»ғарыш кемесінде «Байконур» космодромынан шығып, Жер планетасын орбиталық айналып ұшуды әлемде бірінші рет жасады. Жер қасында ғарыш кеңістігінде ұшу 108 минутқа созылды.
Бүкіл апта бойы шағын-орталық балалары ата-аналарымен бірге Космонавтика күніне арналған көрмені дайындады. Ал мереке күні дайындық топтарының балалары «Космос» сюжеттік-рольдік ойынына қатысты. Ойынның мақсаты болды: балалардың ғарыш туралы білімін нақтылау және кеңейту, елестетуді, фантазиясын, танымдық қызығушылығын дамыту.