Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Айгөлек» жазғы сауықтыру мектеп жанындағы лагерь Сіздерді қарсы алады!
20-05-2013 12:08
«Айгөлек» жазғы сауықтыру мектеп жанындағы  лагерь Сіздерді қарсы алады!

 

Жыл сайын № 26 ЖОМ базасында  «Айгөлек» балалар сауықтыру  мектеп жанындағы лагерь  жұмыс істейді.                                                      

Жазғы мектеп жанындағы лагерь оқушылардың жазғы демалысының кезеңін денсаулықты нығайту, дене күшін дамыту,  жаңа білім алу үшін қолдануға көмектеседі. Белсенді демалыстың осындай түрі дамуға және уақытша балалар ұжымына бірігуге мүмкіндік береді,  оқушының әлеуметтік зиятын дамыту және  алған тәжірибесін  кез келген  ұжымда, сонымен қатар әрі қарай оқу іс-әрекетінде қолдану үшін негіз құрады.

Мектеп жанындағы лагерь тәрбиешілері жазғы уақытта балалардың  бос уақытын  ұйымдастыруға  үлкен көңіл бөледі.  Біздің лагерь «Өркен», «Жас Толқын» аула клубтарымен, техникалық мектеппен, жұмыспен қамту және балалар шығармашылығының орталығымен, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерімен, қаланың мұражайларымен және драма театрларымен бірлесіп жұмыс істейді.  Лагерь түрлі бағыттар бойынша жұмыс атқарады: спорттық-сауықтыру, туристік-өлкетану, экологиялық, құқықтық, ағартушылық, еңбек.