Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: город Павлодар, улица Семенченко, 70
601920, 602114, 601968
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
понедельник 15.00 - 18.00, пятница 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қайырымдылық» жәрмеңкесі
19-09-2014 11:58
«Қайырымдылық» жәрмеңкесі

Біздің мектебіміздің қабырғасында қыркүйек айының ортасында «Қайырымдылық» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған барлық сынып оқушылары өздерінің қолдарынан жасаған бұйымдарын, аналары пісірген түрлі тағамдарды әкеліп сатты. Жәрмеңкеден жиналған қаражат қайырымдылық мақсатында жұмсалды.

Бұл акциядан 3 «А»-сыныбы да тыс қалмады. Балалардың аналары белсенділік танытып, балаларына тағамның түр-түрін пісіріп беріп, саудаға қойылған тағам әр алуан болды. Біреуіне алма пирогын пісіріп берсе, біреуіне талқан жасап берген. Бауырсақ, ши бауырсақ, рогалик, коржик, қамыр ішіндегі шұжық, құймақ, картоппен пирожки, кекс, вафли, тәтті тоқаштар көздің жауын алып, тәбетінді ашады.

«Қайырымдылық» жәрмеңкесінің соңында тапсырған қаражаттың қомақтылығы, 3 «А»-сыныбы  1236 теңге  тапсырды.

Осындай акциялар балалардың жүрегінде жылулық нүрын ұялатып, оларды қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелейді.

Сынып жетекшісі:   Сейтахметова Г.А.