Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ЖасҰлан» қатарына балалар қосылуы жалғасуда.
05-07-2013 09:18
«ЖасҰлан» қатарына балалар қосылуы жалғасуда.

«Бірыңғай «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы бастамасы бойынша құрылған еліміздегі бала тәрбиесінің алдыңғы қатарлы моделі. Ұйымның басты мақсаты – өскелең жасұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

Ел болашағы деп танылған ұйымның қатарына қабылдау Еліміздің мерейлі мерекелері күндеріне орайластырған. Екі жыл бұрын дәл осы күні 6-шілдеде Елбасымыздың қолдауымен «Бірыңғай «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» құрылды. 6 шілде жалынды көшбасшылар ұйымы «ЖасҰланның» өз туған күні деп есептелінеді.

Бүгінгі ерекше күн қарсаңында Республикалық біріңғай  «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына, біздің мектептің еңүздік, жарқын 24 оқушысы мүше болып қабылданды (12 бала «Жас Ұлан», 12 бала «Жас Қыран»).

 

Салтанатты рәсімін өткізуде сыйлы қонақтар: педагогикалық қызмет ардагерлері, ата-аналар, ұстаздар шақырылды. Педагогикалық қызмет ардагерлері оқушыларға көгілдір галстук пен «Жас Ұлан» ұйымының  белгілерін тақты.

Құттықтау сөз кезегі оқу бөлімінің меңгерушісі мектеп директорының орынбасары Байдильдина Баян Секенқызына берілді.

Салтанатты антты қабылдау 4а сыныбының оқушысы Алшынбай Бегімшеге тапсырылды. Салтанатты қабылдау рәсімі аяқталғаннан кейін Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұраны орындалды.