Табиғатты қорғау...
5 «А» сыныбында «Табиғатты қорғау» атты викториналық, ойын-сұрақ сайысы өткізілді. Мақсаты: өз елінің келешегін ойлайтын, табиғат байлығын қорғайтын азамат етіп тәрбиелеу. Оқушылар глобусты бір-біріне ұсынып, жер шарын қалай ұстап тұрғандарына мән береді. Біз болашақ үшін жауап береміз,ал жер үшін жауапкершілікті сезінеміз бе? Оның өсімдік әлемін, жануар әлемін, ауасын, топырағын қорғай білеміз бе? Қазақстан экологиясын ластамау үшін не істеу керек?- оқушылар осындай сұрақтарға жауап беріп, табиғатты қалай қорғайтындарын жөнінде өз пікірлерін айтты. Осы викториналық сайыста «Үнемшіл» тобы алға шықты.