Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Тату балалар» беттерін оқи отыра...
13-11-2013 09:20
«Тату балалар» беттерін оқи отыра...

 

Мектептегі балаларымыз «Тату балалар» газетіне жақын. Осы жылы бұл газеттің  мерейтойы. Бірінші нөмірі 1933 жылдың 4 ақпанында жарық көрді. Бұрын ол «Қазақстанның пионері» деп аталған. Он жылдар бұрын сияқты қазір де газет өз кейіпкерлерімен бірге оқып, демалып, мерекелерді тойлап, ойлап шығарып, сайыстарға қатысып, таласу жүргізеді. Жасқа шектеу қойылмайды. Мүмкін, сондықтан болар өз оқырмандарының және авторларының  жасы қанша болса, газеттің де жасы сонша. Газеттің әр санын шығаруда журналисттерден басқа аса белсенділікпен жас тілшілер де қатысады. Бұл балалар үнемі өздері туралы, үйірме және мектеп жайлы сөз етеді.  

5 «Б» сынып оқушылары газеттің «Жіберіп алма», «Құттықтау хаты», «Жаңалықтар бөлмесі» т.с.с. тарауларымен таныс болды. Әркім үйде газетін оқып, өзіне аса ұнаған тарауларын және мақалаларын белгілеп сыныптастарын таныстырды.

А.Аксенова өзіне ұнаған тараулары жайлы қызығушылықпен айтты. А.Гречинді спорт тарауы қызықтырды. Ол облыстың әр  мектептеріндегі спорт жетістіктері туралы айтты. Сонымен қатар оқушылардың көбі газетке жіберілген хаттары жарияланғаны туралы, ал біздің мектебімізден ешбір мақала жоқ екенін алға тартты.

Шараның барлық қатысушылары бастауыш саты кезеңін бітірген соң, өз сыныбы, өздерінің сүйікті мұғалімі жайлы «Тату балалар» газетіне жіберуді ұйғарды. Бұл газетке қызығушылық танытқаны сонша, үйде оқуға мүмкіндігі болатындай,олар осы газетке жазылуға дайындықтарын білдірді.