Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Үйдегі қауіпсіздік
05-12-2013 03:34
Үйдегі қауіпсіздік

«Үй-біздің қамалымыз»,-деп үнемі айтып жүреміз. Үйде жүргенде қауіп төнбейді деп ойлаймыз, алайда олай емес. Үйде көптеген қауіп күтіп тұрады. Осының бәрін біз өз сыныптастарымыздан білдік.Әр бейсенбі күні сынып сағаты өтеді. Міне, бүгін де «Үйдегі қауіпсіздік» атты сынып сағаты өтті. Осы тақырып бойынша оқушылар үйден көптеген ақпарат дайындап, «Дана үкінің кеңестері», «Абайла, газ!» атты презентацияларын ұсынды.

Мына оқушыларды ерекше атағым келеді:Виктория Домарь (өлең шумақтары бар көптеген суреттер дайындап, ойын өткізді), Карина Бобб, Ангелина Гричкань, Алина Жукова (презентацияларын ұсынды), Анастасия Новокрещенная, Анастасия Борисенко, Кирилл Яшкин, Ника Щеглова, Дарья Терейковская, Виктория Глушко (ақпараттары өте қызықты). Көптеген оқушылар тақырып бойынша сурет салды:  АйданаАлиева,Ангелина Братченко, Марк Федорищев.  Диана Борецкаятек сурет салып қана қоймай, өлең жаттап келді. Оқушылардың дайындаған ақпараттары мазмұнды, әрі қызықты. Жарайсыңдар!