Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қолдаймыз және мақтан етеміз
09-12-2013 08:28
Қолдаймыз және мақтан етеміз

Туберкулезге қарсы облыстық диспансерде ем қабылдап жатқан оқушылары үшін мектеп жұмыс істейді.

Мектеп мұғалімдері С.А.Арипова,Т.В.Горлова, Т.С.Мүлікбаева,Смаилова З.Н. және Л.Ф.Недовенченная Президент Күніне арналған іс-шара өткізді.

Мереке Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.Содан соң оқушылардың, медицина қызметкерлері мен мұғалімдердің назарына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны туралы презентация ұсынылды.Оқушылар мемлекет басшының өмірлік жолымен таныс болды.

С.Т.Арипова «Еліміздің көрнекті адамдары және Республиканың атаулы күндері» атты викторина өткізді.Викторина мемлекеттік тілде жүргізілді. Оқушылар Қазақстанның тарихы және дәстүрлері жайлы білімдерін көрсетті.

Балалар бөлімшесінің меңгерушісі және мектеп мұғалімдері құттықтау сөздерін айтты.Құттықтау сөздері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтылды.  

Осы тамаша мерекеге арнап 11 сынып оқушылары өздері шығарған күйлерін орындады. 

Іс-шара Президенттің сөзіне жазылған Астана қаласы туралы «Менің қалам» өлеңімен аяқталды.

Аталған мереке оқушылардың елін, тарихын, дәстүрін құрметтейтінін көрсетті.