Қазақстан жолы – 2050
Бүгін мектебімізде ҚР Президентінің Жолдауы бойынша «Қазақстан жолы – 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ақпараттық-насихаттау тобының мәжілісі өтті. Осы мәжіліске мектебіміздің 50 мұғалімі қатысты. Мектептік АНТ мүшелері- тарих пәнінің мұғалімдері Хольченко Светлана Викторовна және Қожмағамбетова Баян Максутовна сөз сөйледі. Жолдауда әр қазақстандықтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идея арқылы тағдырға деген жаңа көзқарас ұсынғанын атап көрсетті. АНТ мүшелері жолдаудағы белгіленген жұмыстың ұзақ мерзімді 7 басым бағыттары туралы естеріне салды. Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі тезистері презентация арқылы көрсетілген.