Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қайырымдылық жәрмеңкесі
04-02-2014 08:23
Қайырымдылық жәрмеңкесі

Қазақстан Республикасының  қызыл жарты ай қоғамы – гуманитарлық аясындағы мемлекетке деген қарым-қатынасы бойынша көмекші рөл атқаратын еліміздегі бір ғана қоғамдық ұйым. Қоғам Қызыл Крест және Қызыл  Жарты ай халықаралық қозғалыс құрамының бөлігі, қоғам Халықаралық Федерациясының мүшесі болып табылады. Беделді, гуманитарлы, қайырымдылық Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамдық ұйымы 1937 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс атқарып келеді. Кеңес одағының ыдырауынан кейін өз жұмысын жандандырған еліміздегі бір ғана ұйым. Гуманитарлық аясында үкіметке көмек көрсетіп жүрген ерікті қоғамдық бірлестігі ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 17 сәуірдегі №720 Жарлығымен ресми танылған Қызыл Крест және Қызыл жарты ай қоғамының заңды мұрагері болып табылады.

 ҚР Қызыл Жарты ай қоғамының Павлодар филиалы өз бюджетін мүшелік жарна және осы қоғамының қайырымдылық купондары арқылы құрайды. Кәсіпорындарынан, ұйымдарынан, қаламыздың мекемелерінен түскен мүшелік жарна және жасап жатқан қайырымдылықтың арқасында Қызыл Жарты ай қоғамы жыл сайын аз қамтылған тұрғындар санатына көмек көрсетуін арттырып, әлеуметтік мәселелерді шеше алады. 

Біздің №26 мектебіміз де көмек ретінде қызметкерлер мен оқушылар арасында қайырымдылық купондарды таратып, қайырымдылық жәрмеңке өткізді.