Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектебіміздегі «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» республикалық он күндігінің қорытындысы туралы
13-02-2014 09:49
Мектебіміздегі «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» республикалық он күндігінің қорытындысы туралы

Мектебіміздегі «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» республикалық он күндігінің қорытындысы туралы                         (2014ж 3 ақпаннан 12 ақпанға дейін)

 

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуы мектебіміздің мәжіліс залында өтті. Онда балалар қызықты да, ғажайып аптаның жұмыс жоспарымен таныс болды.         

Апта С.А.Назарбаеваның «Алтын жүрек анамыз» қамқорлық жұмысы туралы  кітапханадағы көрмеден басталды.

 Он күндік шеңберінде мектебімізде 5-7 сыныптар арасында «Мейірім төгетін ана» байқауы өтті.

Сынып жетекшілері «Қуанышты кездесудің таңы», «Мейірімділік – адам жанына жылу беретін күн», «Өнеге отбасынан» атты сынып сағаттарын өткізді.

1-4 сынып оқушылары қатысқан «Жақсылық жолымен» атты суреттер мен коллаж, ашық хат пен жасап шығару көрмесі өтті.

«Таланттыңды шыңда» байқауы өте қызықты өтті. Ән адамдарды жақындататыны сонша, бәсекеге қарамай, әр сыныптағы оқушылар бір-біріне көмек көрсетті.    

 «Шығармашылықтың жолында» бейнеролигін тамашалады. Фильм 2013-2014 о.ж. өзін-өзі тану сабақтарында жасаған суреттер мен бейне негізінде дайындалды. Балалар өздерінің қуаныштарын жасырмады. Одан соң оқушылар дайындаған бейне – слайд ұсынылды. «Өзін-өзі тану» жобасы туралы түсініктерін толықтыру үшін оқушылар назарына Сара Алпысқызы Назарбаева туралы клип көрсетілді. Оның қоғамдық жұмысы туралы айтылды. Сонымен қатар жалпы мектептік линейка өткізілді.

1-4 сынып оқушылары үшін дайындаған он күндік «Жақсылық жасау – өз қолыңда» тренингтік бағдарламасымен жабылды. Өзін–өзі тану апталығы қуаныш шеңберімен аяқталды.