Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Атақты жерлесіміз, кинорежиссер және актер Шәкен Аймановтың 100 жылдығына орай...
18-02-2014 03:15
Атақты жерлесіміз, кинорежиссер және актер Шәкен Аймановтың 100 жылдығына орай...

Атақты жерлесіміз, кинорежиссер және актер Шәкен Аймановтың 100 жылдығына орай Әбусейітов атындағы мәдени-сауықтыру орталығы «Алпамыс мектепке барады» атты көркем фильмін ұсынды. Оған біздің оқушыларымыз да шақырылды. Фильм өте ұнады.

Атақты режиссер, актер, қоғам қайраткері Ш.Айманов 1914 жылы 15 ақпан күні Баянауыл ауданының «Айман бұлақ» шатқалында дүниеге келген. 19 жасында кәсіби әртіс атанып, 20 жыл ішінде 100-ден аса рөльдерде ойнаған. 1940 жылдан бастап театрда жұмыс істеп қана қоймай, режиссер, сценарист ретінде кино саласында да жұмысын атқарған. Оның «Біздің дәрігер», «Тақиялы періште», «Атаманның ақырғы күндері», «Біз осында тұрамыз» атты фильмдері отандық кино өнерінің алтын қорына айналған.