Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: город Павлодар, улица Семенченко, 70
601920, 602114, 601968
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
понедельник 15.00 - 18.00, пятница 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жыл басы – Наурыз» атты мерекелік ертеңгілік.
19-03-2014 08:48
«Жыл басы – Наурыз» атты мерекелік ертеңгілік.

Наурызды ата-бабаларымыздың  сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақша аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білдіреді.  Сонда жаңа күн деген сөзден шыққан екен. Наурыз-жаңа күн, яғни жылдың алғашқы күні-жыл басы.  Бұл біздің халқымызда  күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл-қыс бойғы қар еріп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңартқан шақ.

Бұл күні аталарымызбен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылдарды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілісетін болған. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы наурыз-күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.

Дәл осындай наурыз мерекесі біздің «Айналайын» шағын орталығымызда өтті. Бүгінгі ертеңгіліктің бір ерекшелігі екі топ, яғни, орыс және қазақ ересек топтары бірігіп өткізді.

Ертеңгіліктің басында қазақ халқымыздың салт - дәстүрі бойынша бата берілді. 

Бата беру салты

            Наурыз мерекесіне арналған дастарқанымыз кеңінен жайылды.

Балалар наурызға және көктем мезгіліне арналған өлең - тақпақтарын бастап кетті.

Наурыз мерекесінде міндетті түрде қазақ халқымыздың ұлттық ойындары ойналады. Суретте көріп отырғандарыңыз қазақ халқының ұлттық ойыны - «Тақия тастамақ». Ойынның шарты: бір бала тақияны арқа жағында ұстап, тез әуенмен бір біріне - беріп отырады. Тақия кімнің қолында қалып қояды, сол би билейді немесе ән айтады.

Сонымен қатар, «Қыз қуу», «Теңге алу», «Көтермек» ойындары ойналды. Балалардың көңіл-күйлері өте көтеріңкі болды.

Суретте ересектер қазақ тобының қыздары «Қамажай» биін билеу үстінде.

Ал, бұл суретте болса, ересектер орыс тобы «Тұлпарым» биін ұсынуда.

Қымбатты  қауым !

 Келген  жыл  Сіздерге  шаттық  әкелсін,

Отбастарыңызға  бақыт  әкелсін!

Келген  жыл  көтеріңкі  көңіл  әкелсін

Отанымызға  шаттықты  өмір  әкелсін !

      «Айналайын» шағын орталығының

ересектер  «А» тобының тәрбиешісі 

Магзумова Мадина Жумабековна.